Бәрібір сүйемін мен тек бір ғана өзіңді!

Армандаймын!
Отырам да суретіңнен көзімді мен ала алмаймын!
Неге ғана өзімді қайта-қайта мен алдаймын?
Сүйемін бе?
Иә!
Неге екенін білмеймін де
Қайдасың сен?
Үнсіздікке қайтадан қамалдым мен
Тарылады тынысым, таусылды дем
Тек сен үшін сонда жаралдым мен
Бір өзіңе
Тек түсімде баралдым мен!
Қаншама рет ұмытуға тырыссам да
Қайта келіп
Жүрегімнен қан алдың сен!
Сағындым мен өзіңді
Оу, арманым, өтінем, тауыспашы төзімді
Естимісің жаным-ау сөздерімді
Үміттеніп жүрмін ғой мен әлі де
Күндердің бір күнінде
Көрермін деп мөлтілдеген көздеріңді
Сүйемін мен жалғыз сені білемісің?
Мүмкін сезіп сезімімді жыларсың сен
Ал мүмкін түсінбей-ақ күлермісің..
Мүмкін менің үмітімді қайта жалғап
Ал мүмкін мәңгі бақи үзермісің..
Сені ойлап, түн ішінде өкіреді
Қан жылаған, өрттенген көкірегім
Жүрегімде жандыра жанып тұрған
Сезім отын қандай күш өшіреді??
Сүйемін мен
Соны ғана білемін мен
Қиын екен…
Көздеріңді көре алмаған
Өзіңменен қол ұстасып саябақта
Арман қуып, бір жүре алмаған
Иә..
Сый тартыпты осындай тағдыр маған
Шешіміне тағдырдың төзе алмаған
Өтті ғой бұл өмірден қанша арман
Кім біледі?
Мүмкін жерге тастап кетермісің сөзімді
Мүмкін тауысқасын келермісің төзімді
Ал мен білем
Күтіп жүрем
Не болса да, ұмытпа сен, есте сақта
Бәрібір сүйемін мен тек бір ғана өзіңді!!

Оставить комментарий