Бір үміт бойымда бар келер деген

Бір үміт бойымда бар келер деген
Бір үміт ойымда бар сенер деген
Бір өзіңді аңсауменен өтер күндер
Бір өзіңді күте-күте елеңдеген

Оу, тағдыр, сонша неге қаттысың сен?
Саған соншалықтай не жазыппын мен?
Қанша дағы қиналсам да сағынумен
О махаббат, не дегенмен тәттісің сен!

Сүйемін бе, жоқ алде сүймеймін бе
Өз өзімнен сұраймын мен кейде-кейде
Не болса да күтуменен жүрмін ғой мен
Себебін сұрама, өзім дағы білмеймін де

Тек айтарым, ойымдағы асыл арман
Жүрегімде өшпестұғын із қалдырған
Осы өмірде тек бір ғана өзіңсің
Ес-түссіз мен сүйетін жалғыз жан!

Оставить комментарий