Жүрегімнің жанайқайы

Бір өзіңді аңсауменен зулап барад күндерім
Бір өзіңді сағынумен тулап барад түндерім
Жұлдыздарға қараймын да, сені жаным еске алам
Қол жетпейтін аспандағы жарқыраған Күн бе едің

Алыстайсың күннен күнге қашықтағы арманым
Бір өзіңе жаным менің, жырларымды арнадым
Сонда дағы үмітімді бір сәтке де үзбестен
Сен келер деп өзімді, талай талай алдадым

Сені ғана осы өмірде шын жүректен сүйіп қаппын
Көптен күткен махаббаттың алау отын сенен таптым
Сені ғана сүйемін деп, күлдім де мен, қуандым да
Сені сүйіп, шынайы махаббаттың дәмін таттым

Сағынышым кеудемдегі жүрегімді өрттеп барад
Өрттейді де, сен туралы ойларымды еске салад
Жүрек қысып, тынысым тарылад та
Көздерімнен кей сәттерде мөлтілдеп жас та ағад

Жалғыз қалған сәттерімде үнсіздікке шомыламын
Суретіңді қолға алам да, ұзақ қарап отырамын
Тек өзіңді сүйемін деп іштей бір рет қайталаймын
Қашан жаным, сен естірсің жүрегімнің жанайқайын?!

Влюбленный романтик

Оставить комментарий