Сағындым жаным

Аппақ, аппақ қар
Көңілімде суық із қалды
Жүректе қалар
Махаббаттың суық ызғары
Сағынып жүрмін
Өзің қашан келер екен деп
Қарап мен тұрмын
Көкжиекке күтіп, елеңдеп

Ораларсың ба,
Мүмкін жаным маған енді сен
Жоғаларсың ба
Ғайыпқа еніп, түнге кеттің сен
Сүйем дедім мен
Сүйген жүрек соғып тұр әлі
Келмесең де сен
Сені сүйіп, соғып тұрады

Жаралы жүрек
Сені аңсап, тыным таппайды
Түсінбеді деп
Жаным саған кінә тақпаймын
Күтемін сені
Үмітімді үзе алмаспын
Күтемін сені
Мейлі күнім түнге алмассын

Сезерсің бір күн
Сені сүйген жүректің барын
Келерсің бір күн
Күтіп жүрмін, сағындым жаным

ВлюБленНый РомаНтиК

Оставить комментарий