Сағынамын, жаным сені сағынамын

Сағынып жүрмін өзіңді, сағынып жүрмін
Ойлай-ойлай ағымнан жарылып жүрмін
Бір өзіңді қайта маған қайтаршы деп
Күні-түні тәңірге жалынып жүрмін

Сағынғаннан өзіңді сезімім от болады
Жалындап жанып барып, шоқ болады
Көз алдымда елес болған асыл бейнең
Өшіп-жанып, жалтылдап жоқ болады

Сағынамын, жаным сені сағынамын
Сағынғаннан сары уайымға салынамын
Естелік қып сақтап қалған суретіңе
Қараймын да, есімнен жаңыламын

Сүйемін сені деп мен айта алмадым
Сен келер деп көңілімді қайта алдадым
Қан жылаған жүрегімді қолға ұстап
Есіміңді қайта-қайта қайталадым

Сен туралы ойларыма күйіп-жандым
Пәк сезімнің жалынына күйіп қалдым
Бар жазығым осы болса, кешір мені
Осы өмірде жалғыз сені сүйіп қалдым

Ұмыта алмайм сені мен , жай ғана, неге деме
Махаббаттын айлағында тұрмын мен күтіп кеме
Сол кемемен бір күні сен келер деп
Көкжиекке көз салып,сағынамын мен сені неге

Жүрегімде жақтың сен үміт отын
Үміт отын, ертеңгі күнге деген
Сен келер деп енді мен күтіп отырм
Сезімімді сенен басқа кімге берем

Сағынамын жаным, сені мен сағынамын
Бір өзіңе жаным мен ес-түссіз табынамын
Жүрегімде жалын атып жанып тұр асыл бейнең
Ұмыт мені деп айтпашы жалынамын

ВлюБленНый РомаНтиК

Оставить комментарий