Үнсіз ғана сағынам

Байқамай мен өзіңді сүйіп қалдым
Сүйіп қалдым, отыңа күйіп қалдым
Жүректегі лаулаған жалыныма
Сені сүйіп, талай рет күйіп жандым
Түсіне алмадың мені сен, неге жаным
Сүйе алмаймын мен сені деп кете бардың
Соңыңнан журе бергім келген еді
Тым тез кеттің, қуып мен жете алмадым
Көп іздедім, суретіңнен көз алмадым
Тәлкегіне тағдырдың мен төзе алмадым
Сүйем деген менің пәк сезімімді
Жаным неге жүрегіңмен сезе алмадың
Сен келер деп жүрегімді жиі алдадым
Сен келер деп үмітімді үзе алмадым
Сыңарынан айрылған аққу құстай
Махаббаттың айдынында жүзе алмадым
Жүректегі сен деп соққан сезімімді
Қиналсам да, үзіп-жарып бұза алмадым
Ұмыт мені, ұмыт деп кетсең дағы
Өмірімнен сені өшіріп, сыза алмадым
Кешір мені, жаным сен, кешір мені
Армандаған шын сүйгенің бола алмадым
Мен сүйсем де, мені сен сүймегесін
Басыңа бақ құсы боп қона алмадым
Сені ойлап, тыным таппай мезет сайын
Екеуіміз туралы мен қиялдадым
Жүрегің мен деп сенің соқпаса да
Өзгеге жаным сені қия алмадым
Ойымда тыным бермей тулап жүрген
Армандарды өзіңмен бөле алмадым
Көптен күтіп, сағынып, көргім келген
Күлімдеген көздеріңді көре алмадым
Сондықтан да жаным ау мен жалындаймын
Сарқырап құлап аққан тау суындай
Тоқтамастан, зымырап мен сарылдаймын
Сүймеші деп басқа жанды жалынбаймын
Сені ойлап, сары уайымға салынбаймын
Өз ерігің өзіңде, мен жай ғана ерігіңе бағынам
Сондықтан да өзіңді үнсіз ғана «САҒЫНАМ»

ВлюБленНый РомаНтиК

Оставить комментарий